Павлодарда театрдың 43 жастағы өкілі спектакль кезінде көз жұмды
Көрермендерді амалсыз залдан шығаруға тура келген
Кеше Павлодарда театр қызметкері жексенбілік спектакль кезінде көз жұмған.
Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, облыстық А.П. Чехов атындағы театрда ер адамның жағдайы дәл спектакль кезінде нашарлаған.
18:40-та Астана, 166 көшесінен хабар түсті, – деп мәлімдеді аймақтық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Көрермендерді амалсыз залдан шығаруға тура келген. Театр директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, 43 жастағы сахна монтаждаушысы тромбтың жарылуы салдарынан көз жұмыпты.