Мәжіліс сайлауы: 12 млн қазақстандық дауыс бере алады
Сайлау 19 наурызда өтеді
Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық қазақстандық дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары Конститантин Петров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, ОСК биылғы 1 қаңтар мен былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлаушылардың тізімін жасайды.
Оған сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріліп, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі, - деді Конститантин Петров.
2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, сайлаушылардың тізімі жинақталған.
Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді. Олардың ең көбі –Түркістан облысында (1 177 507 сайлаушы), ал ең азы – Ұлтыау облысында (138 277 сайлаушы), - деді ОСК төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, өткен аптада Мәжіліс таратылған еді. Сайлауға 7 партия қатыса алады.