13 жастағы қызына азғындық жасаған ақтөбелік бас бостандығынан айырылды

Халық үні

Ол бұған дейін де істі болып, жазасын өтеп шыққан

көрнекі фото: pexels.com

Бұрын колонияда жазасын өтеген Ақтөбе тұрғыны түрмеден босап шыққан соң үйде ешкім болмағанын пайдаланып, 13 жастағы өз қызына азғындық жасаған. Бұрын да істі болған ер адам азғындық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді.

Ақтөбенің Алматы аудандық прокуратурасының тергеушісі қылмыстық істі зерттеу нәтижесі бойынша айыптау актісін дайындап, Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа жолдаған.

Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, ер адамға 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейді.