Оны жеткізген курьер ұсталды
Петропавлда полиция α-PvP (соль) синтетикалық есірткісінің ірі көлемін тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.
Биыл 6-20 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Соның аясында өңірдегі полицейлер Астанадан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде α-PvP (соль) синтетикалық есірткісінің ірі көлемі тәркіленді. Оның нақты салмағын анықтау үшін сараптама жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция ескірткіні жеткізген курьерді ұстады. Одан 50 түйіншек тәркіленген.