599 өтінім мақұлданды
Бүгін Қазақстан бойынша шетелдік көлікті жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге электрондық үкімет порталына 9 мыңға жуық өтінім түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
23 қаңтарда сағат 15.00-ге дейін eGov.kz порталы арқылы шетелдік автокөліктерді тіркеу бойынша 9 мыңға жуық өтінім берілді. Оның 599-ы мақұлданды және 697 өтінім өңдеу сатысында, - деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталды.
Қандай автокөліктерді заңдастыруға болады?
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер
Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер:
Өтінім беру жолдары:
Автокөлікті заңдастыру үшін қажетті құжаттар:
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
Содан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне Қазақстанның тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.