Азия чемпионаты: Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бүгін 1/2 финалдық жекпе-жектер болады
Бүгін Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан U-22 Азия чемпионатының алтыншы күні жартылай финалдық жекпе-жектер болады.
Жартылай финалға Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларынан 11 боксшыдан шығып отыр. Қырғызстаннан 7, Таиланд пен Филиппин елдерінен 4 өкілден бар. Моңғолия, Тәжікстан және Қытайдан 3 спортшыдан болса, Индонезия мен Камбоджаның екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Малайзия мен Непалдан бір-бір адамнан ½ финалға қатысады.
Оқырман назарына жартылай финалдық жекпе-жектерге шығатын отандастарымыз бен олардың қарсыластарының тізімін ұсынамыз:
48 кг: Санжар Тәшкенбай – Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)
54 кг: Махмұд Сабырхан – Жеричо Акайлар (Филиппин)
60 кг: Талғат Сырымбетов – Пхутханет Родсук (Таиланд)
63,5 кг. Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)
67 кг: Абзал Серік – Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 кг: Сабыржан Аққалықов – Довуд Махкамов (Тәжікстан)
75 кг: Диас Молжігітов – Аиликути Кахаер (Қытай)
80 кг: Ерасыл Жақпеков – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
92 кг: Ерхат Бекзат – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)
+92 кг: Аманат Сабырғали – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)