Halyq Uni логотип
×

Мьянмада құлдықта болған Қазақстаның екі азаматы елге оралды – СІМ

Таиландта құлдықта болған 14 Қазақстан азаматына көмек көрсетілді

 Халық үні 23.01.2023 | 13:25
Мьянмада құлдықта болған Қазақстаның екі азаматы елге оралды – СІМ
Айбек Смадияров, СІМ ресми өкілі

Былтыр маусым айынан бері Таиланд елінде құлдықта болған 14 Қазақстан азаматына көмек көрсетілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Былтыр маусым айынан қазіргі уақытқа дейін Таиландтағы елшілік Қазақстанның 14 азаматына көмек көрсетті. Оларды мәжбүрлі түрде жұмысқа салған. Сонымен қатар бұл адамдардың Мьянма мен Лаоста болғаны анықталды», - деді А. Смадияров.

Айтуынша, Мьянмада құлдықтан босап шыққан Қазақстаның екі азаматы елге жеткізілген.

СІМ ресми өкілі шетелге барғысы келетін Қазақстан азаматтары алданып қалатынын ескертті.

Шетелге қазақстандықтар көбіне жалақысына қызығып жұмысқа барады. 2-3 мың АҚШ долларына дейін айлық төлейміз деп компаниялар шақырған кезде, адамдар шарттың мазмұнына мән бермей жатады. Соның салдарынан қиын жағдайға тап болады. Шетелге барар алдында бүкіл құжатты мұқият тексеріп шығуға кеңес береміз, - деді СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін СІМ «Алтын үшбұрыш» деп аталатын Оңтүстік-шығыс Азия аумағында (Мьянма, Лаос және Таиланд) қазақстандықтардың еңбек құлдығында болу дерегі жиілегенін хабарлаған еді. Алдын ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар көбінесе үшінші тарап және әлеуметтік желілер, мессенджерлер (Telegram, Facebook, Instagram) арқылы Қазақстан азаматтарын Таиландтағы компанияларға жұмысқа шақырады. Олар Таиландқа келгеннен соң түрлі сылтаумен Мьянмаға жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама