Halyq Uni логотип
×

АҚШ-та лаңкес 10 адамды атып кетті

Шабуыл жасаған адам әлі ұсталған жоқ 

 Дастан Жұмабекұлы 23.01.2023 | 11:56
АҚШ-та лаңкес 10 адамды атып кетті
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Калифорния штатында белгісіз біреу бір топ адамға қарай оқ атып, 10 адамның ажалына себепші болды. Бұл туралы «Америка дауысы» радиосы хабарлады.

Қайғылы оқиға Лос-Анджелес қаласында орналасқан «Монтерей-Парктегі» бал билері залында болған. Белгісіз біреу осы залға кіріп тұрып, онда қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлап жатқандарға оқ жаудырған. Сол бойда бірден 10 адам жантәсілім еткен. Ал шабуыл жасаушы қаскөй орнынан қашып, тығылып үлгерген. Ол әзірге қолға түскен жоқ. Мұның мотиві де белгісіз.

Тағы 10 адам ауруханаларға жеткізілген. Олардың ішінде бір адамның жағдайы өте ауыр.

Оқиға кешкі уақытта болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама