Halyq Uni логотип
×

Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы азамат болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 23.01.2023 | 11:22
Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
фото: ng.kz

Қостанай қаласындағы 8-шағын ауданда орналасқан №11 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы ер адам болып шықты.

8-шағын ауданда орналасқан №11 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды. 10-қабаттың баспалдағында қоқыс жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер тұрғын үйге барып, полицияға 9 бен 10-қабаттың баспалдағында өртенген ер адамның мәйітінің жатқанын хабарлады, –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама