Halyq Uni логотип
×

АҚШ «Вагнер» компаниясын халықаралық қылмыстық ұйым деп таныды

Америка Құрама Штаттары жеке әскери компанияға санкция салды

 Дастан Жұмабекұлы 23.01.2023 | 09:19
АҚШ «Вагнер» компаниясын халықаралық қылмыстық ұйым деп таныды
фото: bbc.com

АҚШ билігі Ресейдегі «Вагнер» жеке әскери компаниясын халықаралық дәрежедегі қылмыстық ұйым деп жариялады. Бұл туралы CNN хабарлады.

АҚШ Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясына трансұлттық қылмысты ұйым статусын береді. Бұл алдағы аптада іске асырылады, – деді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби CNN телеарнасының эфирінде.

Осыдан кейін АҚШ-тың Қаржы министрлігі «Вагнер» ұйымына қарсы жаңа санкциялар енгізетін болады. Ондағы шектеулер шеңберіне «вагнершілерді» бірнеше континентте «ұстау жүйесі» де енгізіледі.

«Бұл әрекеттер қазір трансқұрлықтық қауіп төндіріп отырған «Вагнер» жеке әскери компаниясының қылмыстық әрекеттерінің жалғасып келе жатқанына байланысты жасалып отыр», – деді Кирби.

Трансұлттық қылмысты ұйым мәртебесі мұндай топтардың АҚШ-тағы барлық активтерін бұғаттап тастауды қарастырады. Сондай-ақ америкалықтарға оларға құрал-сайман, тауарлар және қызмет көрсетуге тыйым салады.

Біз осы жеке әскери компанияға қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастырушы компанияларға мынадай месседж арнағымыз келеді: «Вагнер» – кең ауқымды айуандық көрсетуді іске асырып отырған, адам құқықтарын бұзушы қылмыстық ұйым. Біз оған көмектесушілерді әшкере ете береміз, – деп атап өтті Ақ үйдің өкілі.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті «Вагнер» ЖӘК-нің күллі әлемде жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Вашингтон бұл ұйымның «егемен елдердің ішкі саясатына қол сұғушылыққа барып жатқанына» алаңдаушылық танытты.

Осыған байланысты АҚШ Ресейдің өзінің жалдамалы армиясының Еуропа мен Африкаға ықпалын жүргізуге әрекет етіп отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, АҚШ оның іс-әрекеттері жөнінде Орталық Африка республикасынан, Мали мен Сербиядан мәліметтер жинастыра бастады.

АҚШ 21 желтоқсанда Украинадағы соғыста белсенділік танытуына байланысты, «Вагнерге» санкция салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама