Азия чемпионатының жартылай финалы: Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады
Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады
23 қаңтар күні Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында ерлер жартылай финал кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады. Жекпе-жектердің тікелей эфирі астана уақытымен сағат 13.00-де басталады.
Спортшыларымыздың қарсыластары:
48 кг. Санжар Тәшкенбай — Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан)
57 кг. Махмуд Сабырхан — Джеричо Акайлар (Филиппины)
60 кг. Талғат Сырымбетов — Пхутханет Родсук (Таиланд)
63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)
67 кг. Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 кг. Сабыржан Аққалықов — Довуд Махкамов (Тәжікстан)
75 кг. Диас Молжігітов — Аиликути Кахаер (Қытай)
80 кг. Ерасыл Жақпеков — Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
92 кг. Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)
+92 кг. Аманат Сабырғали — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
19-22 жастағы боксшылар арасындағы Азия чемпионаты (U-22) 16 қаңтар күні басталған болатын. Финалдық жекпе-жектер 26 қаңтарға дейін өтеді.