×

Шымкентте көпбалалы анаға қазақстандықтар 22 миллион теңгеге екі қабатты үй сыйлады

Сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған

 Халық үні 22.01.2023 | 22:45
Фото: otyrar.kz

Шымкентте қыс ішінде 6 баласымен далада қалған жалғызбасты анаға ақша жинап, екі қабатты үй сыйлады. Әйелдің бала-шағасымен жалдап отырған үйі өртеніп кеткен, деп хабарлады OTYRAR.

Сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.

«Мен өте қуаныштымын. Бұл менің балаларымның бақыты. Өз баспанамызға қол жеткіздік. Маған көмектескен қарапайым халыққа, барша жанға алғыс айтамын. Осы үйдің қасынан өтіп бара жатып, менікі болса ғой деп армандағанмын. Енді менің арманым орындалды. Балалар үйге қоныстанып, бөлмелерді бөліп алды. Өртеніп кеткен жалдамалы үйді «Елге кызмет» қоры толық қалпына келтірді. Оларға үлкен рахмет», – дейді көпбалалы ана Назира Дүйсебаева.

Тұрғын үй алабындағы жаңа үйді отбасы 19,5 миллион теңгеге сатып алды.

«Жиналған ақшаға тұрмыстық техника, кілемдер, киім-кешек сатып алынды. Жиналған қаражат қарапайым халықтың ақшасы, көмегі», – дейді кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан
09.06.2023 | 15:11

Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды

Ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті
09.06.2023 | 15:03

Абай облысындағы орман өртінің ауданы 30 мың гектарға жетті

Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді
09.06.2023 | 14:30

«Сегіз айда бес елде тұрдық»: Ресейдегі мобилизациядан қашқан жігіттің оқиғасы

Байрас Азаматов еліне оралғысы келетінін айтады
09.06.2023 | 14:17