Бокстан Азия чемпионаты: 2 боксшы финалға жолдама алды

Халық үні

Азия чемпионатының әйелдер арсындағы бәсекесінде 2 отандасымыз финалға жолдама алды

Фото: bassport.kz

Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арсындағы бәсекесінде Қазақстан алғашқы финалдық жолдамаға ие болды, деп хабарлайды bassport.kz.

70 келіде бақ сынаған отандасымыз Жасмин Қизатова вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхпен шеберлік байқасып, үшінші раундта техникалық  нокаутпен жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда вьетнамдық спортшы нокдаунға түскен, ал үшінші үш минуттықта төреші Жасмин Қизатова жеңді деген шешім шығарды. Осылайша, қазақстандық боксшы командаластарының арасынан алғаш болып финалға жолдама алып, енді алтын жүлде үшін сынға түседі. 

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан ел қоржынына 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты финалдық бәсекесінің екінші жолдамасын салды. 

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлсая Ержан жартылай финалда Непал елінің спортшысы Триша Джебегумен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске қол жеткізді. Енді Гүлсая Ержан алтын жүлде үшін таласады. 

Гүлсая Ержан бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан финалға жолдама ала алған екінші спортшы атанғанын еске сала кетейік. 81 келіде бақ сынайтын спортшымыздың алдында Дана Дидай ақтық сынға жолдама алған болатын.