Қостанайда ер адам тұрғын үйдің 10-қабатында өртеніп кетті
Алдын ала болжам бойынша ер адам өзіне қол салған
Қостанайда 21 қаңтарда сағат 13:16-да 8-шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйдің 9 және 10 қабаты арасынан ер адамның жартылай өртенген денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 10-қабаттың жеделсаты аумағында қоқыс жанған.
Алдын ала болжам бойынша ер адам өзіне қол салған. Ер адамның мәйітінің жанынан сіріңке мен оталдырғыш табылған.
Тұрғындарды оқшаулау қажет болған жоқ. Сараптама тағайындалды.
Төтенше жағдайлар департаментінің 7 техникасы мен 19 қызметкері жұмылдырылды.