Үш елдің халқы үш түрлі себеппен бас көтеріп жатыр
Енді кәсіпкерлерлерге қысым жасалып, онсыз да өршіп тұрған саяси жағдайды шиеленістіруі мүмкін
Испанияда Мадридтегі наразылық шарасына 30 мың адам қатысқан. Жиналған жұрт Үкіметті мемлекетке қастандық жасады деп айыптап, отскавкаға кетуін талап етіп отыр.
Бұл ретте халық Каталонияның тәуелсіздігін жақтайтын қозғалыс жетекшілері үшін Қылмыстық кодекске енген жазаны жеңілдететін түзетулерге қарсы. Бұдан бөлек, елде қаржылық дағдарыс салдарынан испандықтардың әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол да бір себеп болып отыр.
Сондай-ақ Тель-Авивте мыңдаған израильдік ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың жаңа сот реформасына қарсылық білдірді. Тұрғындар ол өзгерістерді демократияға қайшы, сот жүйесіне нұқсан келтіреді деп есептейді. Өйткені реформа оппозиция жақтастарының құқықтарын шектейді екен.
Жергілікті заңгерлер енді кәсіпкерлерлерге қысым жасалып, онсыз да өршіп тұрған саяси жағдайды шиеленістіруі мүмкін деп отыр. Ал жиналған жұрттың айтуынша, судьяларды тағайындауда мемлекеттік бақылау күшейіп, Жоғарғы Соттың өкілеттіктерін шектеу жоспары жүзеге асса, Израиль демократиясының болашағына қауіп төнеді.
Бұл ретте елдің Ішкі істер министрі Арье Дериді қызметінен босату туралы бұйрық шыққаннан кейін қоғамдағы толқулар өрши түскен.
Ал Ыстамбұлда Швецияның бас қонсулдығының, сондай-ақ сол елдің Анкарадағы елшілігінің жанына жиналған жұрт Стокгольмде көпшілік алдында Құранды өртеп жіберген саясаткердің әрекетіне наразылық білдірді.
Еске сала кетсек, Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында наразылық шара өткізген оңшылдардың жетекшісі Расмус Палудан мен оның жақтастары Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетіп, Құранды жаққан еді. Бұл әрекетті Түркия Сыртқы істер министрлігі де қатаң айыптады.