×

Қостанай облысының 60%-дан аса комммуналдық желісі тозған

Мәселені «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы шешуге болады

 Ербол Тұрымбет 22.01.2023 | 15:17
фото: ашық дереккөз

Облыстағы коммуналдық құбырлардың тозу көрсеткіші шамамен 60-70% аралығында. Биыл тек үш шақырымнан астам ғана құбыр жөндеу қарастырылған. Бірақ толыққанды жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Өйткені ақша жоқ. Бұл туралы «Алау» ақпараттық порталы хабарлады.

Облыстық ТКШ басқармасы өкілдерінің айтуынша, қаражат республикалық бюджеттен бөлінбесе, жергілікті бюджет көтере алмайды. Сондықтан тариф өсіруге қойылған шектеуді алып тастау керек. Яғни, мәселені «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы шешуге болады.

Қостанай облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ақан Ташпановтың айтуынша, қазір тұтынушы мен мекеме арасындағы теңдікті сақтау әдістемесі жасалған. Яғни, жекелеген тарифтерді өсіру қарастырылып отыр. Бұрын заңда қолданыстағы тарифті көтеру, соның есебінен жөндеу жұмыстарына қажет қаражат табу қарастырылмаған еді. Енді құбырлардың жағдайын жақсарту мен қызмет сапасын арттыру үшін заңға енгізілетін өзгертулер дайындалған.

Айта кетейік, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдағы ақпан айында «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгертулер енгізілмек. Одан соң коммуналдық төлемдерге қойылған тарифтерді өсіру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама