5 пациенттің жағдайы өте ауыр
Денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтардағы мәліметі бойынша, елде 1 836 адам коронавирус инфекциясынан (1 698+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Ал КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр;
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 20 қаңтарда ем қабылдап жатқандар саны 1 793 адам болған еді. Арасында 10 адам ауыр жағдайда болған. Ал өте ауыр жағдайдағылар мен ӨЖЖ аппаратында жатқандар саны өзгеріссіз.