×

Гурбангулы Бердімұхамедовке жаңа Түркменстанның ұлттық лидері атағы берілді

Оның алдында сол Бердімұхамедов басшылық жасайтын кең көлемді құзыры бар Халық мәслихаты құрылды

 Ербол Тұрымбет 22.01.2023 | 13:44
фото: ашық дереккөз

Түрікменстан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы, елдің экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекеттің ұлттық лидері деп жарияланды. Бұл туралы «МИР 24» телеарнасы түрікмен телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаңтардың 21-і күні өткен республика Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлегендер экс-президенттің жаңа түрікмен халқының ұлттық лидері ретіндегі мансабын заң жүзінде бекіту мәселесін көтерген. Отырыста Түркменстан конституциясына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобалары талқыланып, қабылданған.

Елдің қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедов қабылданған заң жобаларын мақұлдап, қол қойды.

Айта кетейік, оның алдында Түркменстанда кең көлемді құзыры бар Халық мәслихаты құрылған еді. Оған сол бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов басшы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама