Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасынан басым түсті
Алда әлі жартылай финал бар
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы – польшалық Ига Свентекті ұтып, мансабында алғаш рет Australian Open-2023 турнирінің ширек финалына шықты.
Prosports.kz-тің хабарлауынша, Рыбакина екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші 6 эйс жасады.
Енді турнирдің жартылай финалына шығу үшін ол Кори Гауфф (АҚШ) – Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.