Halyq Uni логотип
×

Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болды

Әмірдің әкесі денсаулық сақтау басқармасына арыз түсіреді. 

 Халық үні 21.01.2023 | 21:41
Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болды
фото: ашық дереккөзден

Қостанайда бір айдан бері комада жатқан үш жасар Әмір есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

15 желтоқсанда 4 балаға жоспарлы ота жасалған болатын. Барлығына да анестезия пайдаланылған. Ота сәтті өтті. Бірақ екі сағаттан кейін балалар есін жимай, жата берген. Ал бірнеше сағат өткен соң балалардың дене қызуы күрт көтеріледі.
Кешке қарай үш жасар Әмірдің тыныс алуы қиындап кеткен. Оған бірден реанимациялық шаралар жасалды. Артынан жансақтау бөліміне түскен.

Ата-аналар анестезияға реакция болуы мүмкін деген болжам жасады. Дәрінің атауы - S.Profoli. Барлық инъекцияны бір ампуладан жасаған.
Әмірдің әкесі денсаулық сақтау басқармасына арыз түсіреді. Сондай-ақ прокуратураға шағым жазды. Оның айтуынша, диагнозда «Мидағы қан айналымының бұзылуы. Уытты энцефалопатия» деп жазылған. Алайда интоксикация неден басталғаны белгісіз.

Ал дәрінің сараптамасы әлі аяқталған жоқ. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оны жаңа туған нәрестелерге де еккен. Бірақ бұған дейін мұндай реакция болмаған. Дәріні артығымен салу фактісі де анықталмады.

Әмір осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатты. Бала есін жимай, бүгін қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама