×

Белгілі боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Ол Головкинмен 2023 жылдың жазында жекпе-жек өткізбек

 Халық үні 21.01.2023 | 19:50
фото: ашық дереккөзден

Британдық боксшы Крис Юбэнк WBA Super/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ол үшін Крис Юбэнк отандасы Лиам Смитті бүгін өтетін айқаста жеңуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Смит арандатушылық сөздермен Юбэнктің шамына тиді.

«Өз мәлімдемелерімен ол бұл текетіресті жеке етті. Сондықтан мен қуана шығып, оның жазасын беремін. Енді бұл тек бизнес емес, сонымен қатар жеке. Мен бұл жігітті нокаутқа түсіргім келеді. Мен дивизиондағы танымал тұлғалармен, яғни GGG-мен жекпе-жекке өту үшін жеңуім керек», - деді Юбэнк Sky Sports-ке берген сұхбатында.

Юбэнк Головкинмен 2023 жылдың жазында жекпе-жек өткізбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама