×

Тоқаев Рудныйда жылудың қайта берілгенін көру үшін үйлердің бірінде болды

Қала тұрғыны жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 21.01.2023 | 17:24
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды.

Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Президент тұрғын үйге жылудың берілгеніне көз жеткізіп, пәтердің иесі мен оның отбасына тілектестігін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама