Днепропетровск облыстық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады
Украинадағы Днепр (бұрынғы – Днепропетровск, - ред.) қаласында ракетамен басқыншылардың соққы беруін реттеп тұрған жеті сатқын қолға түсті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Днепрде Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабына барлау мәліметтетерін беріп, қалаға ракетадан берілген соққыларды нысаналарға бағыттап отырған жеті сатқын тұтқынға алынды, – делінген хабарламада.
Днепропетровск облыстық прокуратурасы осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.
Тергеу мәліметі бойынша, сатқындар РФ армиясы Украина территориясына кең ауқымда басып кіргеннен бастап Ресейге бүйрегі бұратын «SERB» радикалды қоғамдық ұйымы лидеріне Днепрдің энергетикалық және сындарлы инфрақұрылымдары нысандары орналасқан жерлер жайында ақпарат беріп тұруға өз еріктерімен келіскен.
Қолда бар деректерге қарағанда, ұсталғандар бұған дейін ресейліктерге соққы жасауға болатын нысандардың координаттарын беріп келген. Оккупанттар зымыраннан қалаға шабуыл жасау кезінде соларды пайдаланған. Ал атқылаудан кейін агенттер соққы жасалған жерлерде болып, әуе шабуылының зардаптарын анықтап, қайтарма атқылау жасалатын жердерді хабарлап тұрған.
Қазір қолға түскендердің 14 қаңтарда Днепр қаласындағы тұрғын үйлерге жасалған соққыларға қатыстары жөніндегі ақпарат тексеріліп жатыр.
Бұдан басқа, РФ агенттері Украина Қорғаныс күштерінің өңір территориясындағы базалары мен бөлімшелерінің қозғалыстары жөніндегі барлау мәліметтерін жинап, украинның әуе қорғаныс жүйесінің позициясын анықтаумен айналысқан.
Агенттердің тұрғылықты орындарына бірнеше рет тінту жүргізілп, құжаттары алынған, ұялы телефондарындағы жазбалар тексерілген.