Halyq Uni логотип
×

Алматыда тағы бір Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Ол алаяқтық жолмен 1 млн теңге иемденген

 Динара Амантай 21.01.2023 | 12:23
Алматыда тағы бір Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Коллаж: Halyq Uni

Алматыда өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырған ер адам облыстық кәспорын басшысынан қомақты қаржы алған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілдерінің мәліметінше, 19 қаңтарда ведомство 1983 жылы туған Қоржыбаев Қанат (бұрынғы тегі Құралұлы) есімді азаматты әшкереледі. Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді.

Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама