×

Демонополизациялау комиссиясы мемлекет меншігіне қайтарылатын нысандарды талқылады

Әлихан Смайылов комиссиясының отырысын өткізді

 Динара Амантай 21.01.2023 | 10:31
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиынға қатысушылар теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады. Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Отырыс барысында бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды. Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады.

Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселелер бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама