Шымкентте пәтерден қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Халық үні

2001 жылғы жігіт пен 2002 жылғы қыз көз жұмған

ашық дереккөзден

«Солтүстік» шағын ауданында пәтерден 2 адамның мәйіті табылды, деп хабарлады OTYRAR.

Газбен жабдықтайтын «ҚазтрансгазАймақ» АҚ компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, марқұмдар 2001 жылғы жігіт пен 2002 жылғы қыз болып шықты.

.Алдын ала болжам бойынша, олар улы газдан уланып қалған.

«Оқиға орнына келген апат бригадасы газ қондырғысын дұрыс орнатпағанын анықтады.  Үйдің сыртында мұржа жоқ», – делінген хабарламада.