×

Әскерилер ашқан қылмыстар туралы тұңғыш кітап жарық көрді

Кітапты әскери тергеу басқармасының ардагерлері, офицерлер мен сержанттар бірігіп жазған

 Дәурен Ерболат 20.01.2023 | 18:00
Фото: ІІМ Шығыс өңірлік Әскери тергеу басқармасы

Семейде тұңғыш рет әскерилер ашқан қылмыстар туралы кітап шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Салтанатты іс-шараға Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, әскери бөлім командирлері мен ардагерлер қатысты. Жаңа туынды «Әскери-тергеу құқықтық тәртіп күзетінде» деп аталады.

Кітаптың маңызды бөлігі ашылған қылмыстар хроникасы болып саналады. Онда жедел уәкілдер мен әскери тергеушілердің қылмысты ашудағы табандылығы мен қырағылығы баяндалады. Алдағы уақытта осы соңғы бөлігін тағы жинақтап,  бөлек кітап ретінде шығару жоспарда бар, - деді «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасының басшысы, полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Кітапты әскери тергеу басқармасының ардагерлері, офицерлер мен сержанттар бірігіп жазған.

Сондай-ақ іс-шарада қызметте үздік деп танылған офицерлерге Ішкі істер министрінің бұйрығымен арнайы төсбелгілер табысталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама