×

Путин Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Дмитрий Песков РФ басшысымен қоса, басқа мәскеуліктер де Назарбаевтың сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді

 Еркеғали Болатұлы 20.01.2023 | 17:30
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүрегіне ем қабылдаған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ басшысымен қоса, басқа мәскеуліктер де Назарбаевтың сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді, деп жазды РИА Новости.

Айта кетсек, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың хирургия жөніндегі директоры Юрий Пя мұндай емдік шара оған бірінші рет жасалып тұрғанын, алайда оның ота емес екенін жеткізген еді.

Осы жерін нақтылап айтқым келеді. Өйткені қоғамда емшара мен отаны шатастырып жатады. Бұл – жай ғана емдік шара. Емдік диагностикалық шара өтті. Ал отада кеуде мен ішкі құрылыстар ашылады, - деп тәптіштеді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама