900 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы да бар
Қазақстанда туды қорлағандарға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 372-бабына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК-ке (1 АЕК – 3 450 теңге) дейін және қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін өсті, - деді Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.