Halyq Uni логотип
×

Сұраққа орысша жауап беретін вице-министр қызметінен кетті

Ол министрдің орынбасары қызметін 2021 жылғы қыркүйектен бастап атқарған

 Дәурен Ерболат 20.01.2023 | 16:47
Сұраққа орысша жауап беретін вице-министр қызметінен кетті
Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай қызметінен босатылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін министрдің орынбасары Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға орысша жауап беріп, сынға қалған болатын.

Барлық мемлекеттік қызметкер қазақ тілін білуі керек. Бұған да дайындалып келіңіз, - деген еді сонда депутат Балаим Кесебаева вице-министрге.

Айта кетейік, Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ақмола технология және бизнес университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастады.

2001-2002 жылдары – жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама