×

«Халық пиязды аз тұтынады». Фермерлер 70 мың тонна өнімді қоқысқа тастауға мәжбүр

Сондықтан пияз эспортына салынған тыйымды 20 наурызға дейін қысқарту керек

 Еркеғали Болатұлы 20.01.2023 | 15:35
фото: Андрей Халин

Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігінің сәуір айының ортасына дейін пиязды экспорттауға толық тыйым салу туралы шешімін өзгертуді сұрап отыр.

«Жаңа-әлем» шаруа қожалығының басшысы Анатолий Кан «Атамекен» ҰКП сайтына пиязға деген сұраныспен ешқандай мәселе туындамайтынын жариялады. Оның мәліметінше, қазір шаруа қожалығы сататын пияздың негізгі үлесі БҚО халқына тиесілі. Ал 5%-ы басқа өңірлерге сатылады.

Ал Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2022 жылы елдегі пияз өнімі 1,1 млн тонна болған. Алайда ел халқы пиязды бұдан 3 есе аз тұтынады.

Үш ай, яғни 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін пиязды сыртқа дейін тасымалдауға тыйым салынды. Алайда шамамен 80 мың тонна тұтынылса, қалған 70 мың тоннаны фермерлер қоқысқа тастайды. Осының бәріне назар аудару керек. Сәуір айының ортасына дейін күн жылып кетеді. Сол үшін көкөністі сақтау өте қиын, – деді Анатолий Кан.

Сондықтан ол тыйымды 20 наурызға дейін қысқартуды сұрап отыр. Айтуынша, одан пияз құны көтерілмейді. Себебі өндірушілер өнімінің қалған бөлігін 20 наурыз бен 15 сәуір аралығында сата алады.

Сондай-ақ кәсіпкер пиязды сыртқа әкететіндерге 2023 жылғы 10 сәуірге дейін баж салығын енгізуді ұсынған. Сөйтіп, одан түскен қаржы Aqjaiyq ӘКК филиалдарына бағаны тұрақтандыру үшін жаңа пияз дақылын сатып алуға бизнес субъектілері арасында бөлуге беріледі.

Қазақстанда пияздың бағасын ұстап тұруға болады. Ал өндірушілер барлық өсірілген және сақталған егінді сата алады. Баждан түскен ақша сол шаруаларға көмекке жұмсалады, – дейді кәсіпкер.

Еске сала кетсек, министрліктің пиязды әкетуге тыйым салу туралы бұйрығының жобасын талқылау «Ашық НҚА» порталында 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама