Стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Екі ел басшылары әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге, тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.