Бокстан Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты
Бүгін тағы еліміздің төрт былғары қолғап шебері шаршы алаңға көтеріледі
Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен кездесіп, жартылай финалға шықты.
Жекпе-жекте отандасымыз үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.
Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады. 51 келі салмақта Сәбит Даниял алаң иесі Саенгфет Танаратпен, Алтынбек Нұрсұлтан (54 кг) малайзиялық Ахмед Мұхамад Имдадпен, 57 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан тағы бір малайзиялық Мұхамад Азри Алифпен қолғап түйістірсе, 60 келідегі Талғат Сырымбетов қытай Ян Минге қарсы шаршы алаңға шығады.