×

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

Қазақстандық олигарх Қайрат Боранбаев - Дариға Назарбаеваның құдасы

 Ербол Тұрымбет 17.03.2022 | 17:50
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалған. 

Оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға күзетпен ұстау жөнінде 17 наурызда сот санциясы шыққан, – дейді агенттік.

Тергеу жалғасып жатыр. Іске қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды. 

Боранбаевқа қатысты «ұсталды» деген алыпқашпа әңгіме осыдан екі күн бұрын шыққан. Ал кеше оның арнайы бортпен Алматыдан елордаға жеткізілген видеосы тарады.

Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама