Телехикая өмірде болған оқиғаларға негізделген
Қазақстанда тұңғыш рет құтқарушылар туралы «Төтенше жағдай» сериалының көрсетілімі болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда сағат 10:50-ден бастап 31 арна арқылы өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыруға бағытталған «Төтенше жағдай» сериалының көрсетілімі басталады.
Сериал құтқарушылардың күнделікті өміріндегі нақты оқиғаларға негізделген. Олардың таулы-орманды жерлерде, тұрмыста, су айдындарында адамдарды құтқару кезіндегі түрлі жағдайлар көрсетіледі. Бұған қоса, телехикаяда күнделікті өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне бағытталған оқыту элементтері де қамтылған.