×

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалда Канадамен ойнайды

Жартылай финал 21 қаңтарда өткізіледі

 Халық үні 20.01.2023 | 03:14
фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Канадамен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орын дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасына бұйырды.

Жартылай финал 21 қаңтарда өткізіледі. Финал мен 3-орын үшін сайыс 22 қаңтарға белгіленген.

Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама