Halyq Uni логотип
×

Бас прокурор ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді

 Халық үні 19.01.2023 | 21:30
Бас прокурор ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бас прокуроры Берік Асылов астаналық ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді. 

«Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға, қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет. Бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынды. Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді», - деп жазды Берік Асылов Twitter парақшасында.

Айта кетсек, бүгін Ішкі істер министрлігінен Астанада ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны «Балам-Ай» баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді. «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан тиісті сараптамалар тағайындалғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама