×

Абай облысында аналар әскери бөлімге барды

Онда әскерге былтыр шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жатыр

 Дәурен Ерболат 19.01.2023 | 17:50
Фото: Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Курчатовтағы №3514 әскери бөліміндегі сарбаздың жағдайы тексерілді, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қалада «Аналардың жүрегі» республикалық аналар комитетінің ресми өкілдері жұмысын бастады.

Өңірдегі ұйымның жетекшісі Айжан Мұсатаева №3514 әскери бөлімінде болып, сарбаздардың жағдайын тексерді.

Онда әскерге былтыр шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі – Шығыс Қазақстан облысынан.

Аналар комитетінің өкілі сарбаздардың тұрмысымен және психологиялық көңіл-күйімен танысты. Айжан Мұсатаева казармадағы жағдайды, асханадағы ас мәзірін тексерді, - деп жазылған Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама