Әлемдегі ең қарт кейуана 118 жасында қайтыс болды
Ол екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауының пандемиясы мен COVID-19-дан аман қалған
Францияда Жер планетасындағы ең қарт кейуана 118 жастағы француз Люсил Рандон қайтыс болды.
AFP порталының хабарлауынша, Люсил Рандон 1904 жылы 11 ақпанда Францияның оңтүстігінде дүниеге келген. Ол екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан және COVID-19-дан аман қалды. Ол тіпті 2021 жылы коронавирус жұқтырып, соның жеңіл түрімен ауырып, одан айыққан ең қарт адам болған.
Кейінгі жылдары Люсил Рандонның көзінің көру қабілеті нашарлап, мүгедектер арбасына таңылған. Бірақ ол 108 жасқа дейін монастырда жұмыс істеген. Рандонның қазасынан кейін Мария Браниас Морера есімді әйел әлемдегі ең қарт адам болды. Испан әйелі 1907 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Қазір ол 115 жаста.