Заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле жарамсыз болып саналады
Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жаңартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жасады.
Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.
Еске сала кетсек, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Нысандар тізімін мына сілтемеден көруге болады.