Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып премьер-министр Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды, – делінген ресми хабарламада.
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Енді ол Директорлар кеңесінде қордың тәуелсіз директоры ретінде қалады.
Әлихан Смайылов 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін Президент елдегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты Үкімет отставкасын қабылдап, Қазақстан үкіметін басқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.