×

Әлихан Смайылов жаңа қызмет атқаратын болды

Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған

 Динара Амантай 19.01.2023 | 11:16
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып премьер-министр Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды, – делінген ресми хабарламада.

Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Енді ол Директорлар кеңесінде қордың тәуелсіз директоры ретінде қалады.

Әлихан Смайылов 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін Президент елдегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты Үкімет отставкасын қабылдап, Қазақстан үкіметін басқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама