Торғайда мұнара тесіліп, ауыз су далаға ағып жатыр (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Соған қарамастан жұмысын тоқтатпаған

фото: видеодан скриншот

Торғайда су мұнарасы тесіліп, тіршілік нәрі сыртқа ағып жатыр. Ал аудан басшылығы күн жылынбай, жөндеу жұмыстарына кірісе алмаймыз деседі.

Мұнара 2015 жылы салынған. Бірақ соңғы жылдары тесік пайда болыпты. Былтыр тамыз айында су тоқтатылып, жөндеу жүргізілген. Қарашада қайта тесіліп, айналасына мұз қатқан. Соған қарамастан жұмысын тоқтатпаған.

Тесілген жерін істеп шығатындай, басына шығып, адам құлататындай жағдай жоқ. Ал мұнара жұмыс істеп тұр. Техникалық жағдайын қарауға жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Қайта жөндеуден өткізуге, болмаса жаңадан салуға солар қорытынды береді. Жарамайды десе, жаңадан саламыз. Жобалық-сметалық құжат істетіп, мұнара қоямыз», - деді «Астана» телеарнасына жауап берген Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов.