×

Отандық дәрігерлер қыздың миынан үлкен құрт алды

Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады

 Халық үні 19.01.2023 | 06:25
Фото: «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігі

Еліміздің дәрігерлері қыздың басынан үлкен эхинококк алды, деп хабарлайды «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігі.

Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қаласында жедел жәрдеммен аурухананың невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.

Науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік шағымдарымен түсті. Жүре алмай қалған. Қосымша тексеруден өтіп, басын МРТ-ға түсіргенде эхинококкоз диагнозы анықталды. Бас сүйегіне ота жасалды, - деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері.

Краниотомия және ісіктерді алып тастау отасы екі сағатқа созылды.

Мидың эхинококты кистасы (ми эхинококкозы) – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразитті ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады.

Уақытында емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама