Қазақстандықтарға 4 күндік жұмыс аптасына рұқсат беріледі

Халық үні

Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс уақытын таңдап, еңбек етсе, жалақысы өзгермейді

ашық дереккөзден

Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс уақытын таңдап, еңбек етсе, жалақысы өзгермейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол қалпы қалады. Алайда мұндай графикпен мәңгі жұмыс істей алмайсыз. Яғни, қызметкер мен жұмыс беруші келісіп, бір ай 4 күннен, бір ай 6 күннен жұмыс істесе болады. Мұндай өзгеріс қашан күшіне енетіні белгісіз, бір анығы Еңбек кодексі туралы құжат Мәжіліс қарауында.

«5 күндік жұмыс кестесінің жылдық нормасы -1960 сағат. Сәйкесінше, мына 4 күндік жұмыс аптасына көшкен кезде жылдық норма сақталады. Жалақысына тоқталатын болсақ, Еңбек кодексіне сәйкес жалақы құны азаматтардың белгілі бір жұмысына, оның көлеміне, біліктілік талабына сайкес төленеді. Сәйкесінше, бұл жерде де жалақы сақталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басқарма басшысы Шалқар Оразбеков.

Еңбек кодексіндегі тағы бір жаңашылдық – еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Яғни, бұрын оның сомасы 45 мың теңге болса, енді шамамен 86 мың теңгеге көтерілді. Мәселен, сіз денсаулығыңызға байланысты жұмыстан 4 күн қалсаңыз, сізге 86 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.

«4 күн ол кісі жұмыста болған жоқ. Сәйкесінше ол кісінің сол айдағы жалақысы жалпы қалыпты алып жүрген жалақысынан сәл төмендеу болуы мүмкін. Бірақ жұмысқа жарамсыздық қағазы арқылы шығынды толтырады», – деді Шалқар Оразбеков.