Жаңа саяси партия тіркелді

Дәурен Ерболат

Партияның құжаттары заңға сәйкес келеді

Фото: gov.kz

Respublica саяси партиясы тіркеуден өтті. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 18 қаңтарда «Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігін министрлік тіркеуден өткізді. Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды, - деді Талғат Уәли.

Осылайша, Қазақстандағы саяси партиялардың саны 7-ге жетті:

  • Amanat партиясы;
  • «Ақ Жол» демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
  • «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • Respublica партиясы;