Украинаның Ішкі істер министрі мен орынбасары қаза тапты
Олармен қатар тағы 16 адам көз жұмған
Украинаның Ішкі істер министрі Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин Бровары қаласында әуе апатынан қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.
Соңғы мәлімет бойынша, Бровары қаласында тікұшақ апаты салдарынан 18 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Киев облысының полициясы Киев түбінде балабақша мен тұрғын үй маңына тікұшақтың құлағанын хабарлаған болатын.