Өңірлік басшылардың әлеуметтік желідегі аккаунттары ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттері басшыларының Facebook әлеуметтік желісінде жеке аккаунттары ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аумақтық департамент басшыларының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті сақтай отырып, Facebook әлеуметтік желісінде басшылардың жеке аккаунттары ашылған. Желінің әрбір пайдаланушысы тиісті басшыға хабарласып, өз сұрақтарын қоя алады.
Өңірлік департаменттердің басшылары есептік баяндамалар кезінде цифрлық көрсеткіштерді пайдаланбайды. Тек нақты істер, халықтың өзекті мәселелерін шешу, залалдың алдын алу. Жаңа тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.
Аумақтық департаменттер басшылары аккаунтарының тізімі:
Астана қаласы - Мұрат Қарымсаков
Алматы қаласы - Асхат Оразхан
Шымкент қаласы - Дәурен Ерғарин
Абай облысы - Әділхан Сабуров
Ақмола облысы - Арман Рахимов
Ақтөбе облысы – Есқали Саламатов
Алматы облысы – Серік Орымбетов
Атырау облысы - Ерулан Серікқалиев
Шығыс Қазақстан облысы - Денис Шакенов
Жамбыл облысы - Болат Жылқыбаев
Жетісу облысы - Мақсат Жебегенов
Батыс Қазақстан облысы - Нұрлан Қыдырбаев
Қарағанды облысы - Мұрат Төлеубаев
Қостанай облысы - Бауыржан Ұзынжас
Қызылорда облысы - Серікжан Мырзалы
Маңғыстау облысы - Шамурайт Шаменов
Павлодар облысы - Дархан Құрақбаев
Солтүстік Қазақстан облысы - Сергей Перов
Түркістан облысы – Шаттық Өтеев
Ұлытау облысы - Ернар Баянгазин.