×

Мәжілісте судьялардың тәуелсіздігін нығайтуды көздейтін заң талқыланып жатыр

Құжат сот жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 18.01.2023 | 10:33
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасы және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға кірісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған заң жобаларын Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру үшін бір топ Парламент депутаттары әзірлеген.

«Заң жобалары судьялар корпусының кәсібилігін және олардың тәуелсіздігін арттыруға, сондай-ақ судьялыққа кандидаттарды даярлаудың, біліктілікті арттырудың, шекті жасты ұзартудың, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұрудың және тоқтатудың бірқатар мәселелерін Жоғарғы соттан Жоғары сот кеңесіне беруге бағытталған түзетулерді көздейді.

Бұл заң жобаларын қабылдау соттардың қызметін жетілдіруге, жергілікті жерлерде судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға, апелляциялық сатыдағы соттың істерді мәні бойынша қарау жөніндегі өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Арман Қожахметов Мәжілістің жалпы отырысында.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды талқылауға кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама