Halyq Uni логотип
×

«Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды» - өнертанушы

Өзіне әріден қамқор болған Нұртас Оңдасынов пен Өзбекәлі Жәнібековтерді қызметтен аластатты, дейді ол

 Халық үні 17.01.2023 | 22:35
«Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды» - өнертанушы
коллаж: Halyq Uni

Белгілі өнер және мәдениет қайраткері Ерлан Төлеутай одақ тұсында Қазақстанды ең ұзақ басқарған Дінмұхамед Қонаевқа қатысты сипаттама берді. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

«Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды. Ол үшін әуелі Тәшеновтің түбіне жетті. Одан кейін Сәтбаев пен Бөкетовтің тағдырын ойыншық қылды. Өзіне әріден қамқор болған Нұртас Оңдасынов пен Өзбекәлі Жәнібековтерді қызметтен аластатты», - дейді Ерлан Төлеутай.

Өнертанушы Ерлан Төлеутай Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаевты ежелден келе жатқан «Бөліп ал да, билей бер» саясатын шебер ұстанып, қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды деп айыптады. 

«Шын мәнінде бұл тұлғалар қазаққа Құдай сыйлаған құтты ерлер еді. Бұлардың бәрі құсадан өлді. Бұл тұлғалардан айырылған соң қазақтың берекесі кете бастады. Ал Қонаев болса жылдан жылға дәуірлей берді», - дейді өнертанушы.

Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) — үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама